Кремль Украина президенті ұсынған 30 күн үзіліске жауап бермеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған соғысып жатқан екі елді 15 мамырда Стамбұлда болатын келіссөзге міндетті түрде келуге шақырды. АҚШ президенті Дональд Трамптың да бұл кездесуге баруы ықтимал.
Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы қымбаттай түсті. Қарапайым халықтың баспана алуға шамасы жетіп жатыр ма? Құрылыс компанияларына 16 пайыз қосымша құн салығы салынбақ. Өзгерістің нарыққа әсері қандай болмақ? АҚШ президенті Дональд Трамп шетелге алғашқы ресми сапарын Сауд Арабиясынан бастады.
Қазақстанды русофоб деп айыптаған ресейлік ғалым биыл сәуірде осы елге кіре алмай қалды. Андрей Грозин жұмыс істейтін ТМД елдері институты бұл жағдайды "достыққа жатпайтын әрекет" деп бағалады. Қазақстан осылайша қарымта жауап беріп отыр деген сөз де бар.
Тағы